«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» әдістемелік кеңес
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында өткізілген іс-шара
Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыру және олардың кәсіби жауапкершілігін күшейту мақсатында бірқатар әдістемелік кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыпта әдістемелік кеңес ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби қызмет барысында заң талаптарын сақтау, сондай-ақ тәрбиеленушілер арасында заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастырудағы педагогтің рөлін түсіндіру болды.
Іс-шара барысында:
педагогтердің құқықтары мен міндеттері талқыланды;
педагогтің кәсіби этикасы мен жауапкершілігі туралы түсіндірілді;
білім беру ұйымдарында заң талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды;
педагогтің балаларға үлгі болатын тәрбиелік және құқықтық мінез-құлық мәдениеті туралы пікір алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар педагогтерге түрлі жағдаяттық кейстер ұсынылып, оларды талқылау арқылы нақты педагогикалық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары қарастырылды. Кейстік тапсырмалар педагогтердің құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Тренинг барысында қатысушылар топтық жұмысқа белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай формат педагогтердің құқықтық білімін жетілдіруге және кәсіби жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде педагогтердің заң талаптарын сақтау мәдениеті, кәсіби жауапкершілігі және балаларға құқықтық тәрбие беру бағытындағы түсінігі кеңейе түсті.
