Тамақтану сапасын бақылау
Балабақшамызда «Тағам сапасын бағалау күні» өткізілді. "Арман" кіші тобының ата-анасы тамақтану сапасына баға берді 🍲 Іс-шараның мақсаты – балабақшада балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен дәмін ата-аналарға таныстыру, ашықтық пен сенімділікті арттыру. Ата-аналар ас мәзіріне енгізілген тағамдардан дәм татып, олардың дәмі, сыртқы түрі және сапасы туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, аспазшылардың дайындау ерекшеліктерімен танысып, балабақшадағы тамақтану процесін көзбен көрді.