Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№186 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-13-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-13-57
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
09
декабрь
2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ 

Абай университетінің Педагогика және психология факультеті мен Алматы қаласындағы №186 бөбекжай-балабақшасы «Таза Қазақстан – 2025» республикалық экологиялық акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық білімді интеграциялаудың жаңа үлгісін таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы елдегі экологиялық сананы қалыптастыруды ұлттық басымдық ретінде белгілеп берді. Құжатта 2029 жылға қарай «Жасыл балабақша» желісін 622 ұйымға дейін кеңейту көзделіп, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылған.

Осы орайда, 9 желтоқсан күні №186 бөбекжай-балабақшасында Абай университетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Алтынай Жакупованың ұйымдастыруымен жоба аясында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараға жобаның ғылыми кеңесшісі Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессоры, доцент Ұлболсын Кыякбаева қатысып, балабақшаның жұмысына жоғары деңгейде баға берді. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты негізінде іске асырылды. Соған сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған экологиялық білім берудің ғылыми-тәжірибелік тұжырымдамасын әзірлеуді мақсат етеді.

Университет пен балабақша ынтымақтастығы негізінде ұйымдастырылған семинарда педагогтар мен балаларға арналған тәжірибелік алаңдар ұсынылды. Семинар барысында қонақтар арнайы дайындалған экологиялық алаңдарды аралап, «Жас экологтың 12 тыйымы» атты шағын қойылымды, «Жылыжай – жасыл бақша ордасы» стендін және «Метеоалаң – ауа райын бақылаймыз» тәжірибелік аймағын көрді. Балалар суда тәжірибе жүргізу арқылы оның тіршілік үшін маңызын түсіндіріп, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың қарапайым тәсілдерін көрсетті.

Шараның ашылуы мектепалды топ тәрбиеленушілерінің «Күн мен Жер» атты көлеңкелі театр қойылымымен басталып, «Жасыл балабақша» үлгісі бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Абай университетінің ғалымдары экологиялық білім беруге қатысты ғылыми-тәжірибелік тұжырымдаманың мазмұнын баяндап, әлемдік «Zero Waste» қағидаттарының мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізілу мүмкіндіктерін түсіндірді.

Семинар өзара пікір алмасумен өрбіп, сұрақ-жауап және ұсыныс беру бағытында өтті. Университет пен балабақша бірлесіп әзірлеген тәжірибелік алаңдар экологиялық тәрбиелеудің тиімді әдістерін көрсетуге мүмкіндік берді. Қатысушылар жылыжайда өсімдіктерді күтіп-баптаудың, ауа райын бақылаудың, қалдықтарды сұрыптаудың және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі әрекеттердің практикалық маңызын көрді.

Іс-шара қорытындысында «Жасыл балабақша» бастамасының балалардың табиғатқа жанашырлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасыл әрі таза Қазақстанды қалыптастыру – балабақшадағы ең қарапайым әдеттерден басталады. 

«ЧИСТЫЙ КАЗАХСТАН»  -  НАЧИНАЕТСЯ С ДЕТСКОГО САДА

Факультет педагогики и психологии университета имени Абая и детский сад № 186 города Алматы презентовали новую модель интеграции экологического образования в дошкольных организациях в рамках республиканской экологической акции «Чистый Казахстан – 2025».
Концепция «Чистый Казахстан» на 2024–2029 годы, утвержденная распоряжением Главы государства Касым-Жомарта Токаева, определяет формирование экологического сознания в стране в качестве национального приоритета. Документ предусматривает расширение сети «Зеленых детских садов» до 622 организаций к 2029 году и ставит задачу по формированию у детей дошкольного возраста культуры охраны окружающей среды.

По этому случаю  9 декабря  в детском саду № 186  в рамках проекта прошел  городской  практический семинар, организованный  старшим преподавателем кафедры дошкольного образования и социальной педагогики университета Абая Алтынай Жакуповой.
 В мероприятии приняла участие научный руководитель проекта, заведующая кафедрой дошкольного образования и социальной педагогики, доцент Улболсын Киякбаева , которая высоко оценила работу детского сада. Проект реализован на основе гранта Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан. Соответственно, его цель – разработка научно-практической концепции экологического образования для дошкольных организаций.

Семинар, организованный совместно с университетом и детским садом, включал в себя практические занятия для педагогов и детей. В ходе семинара гости посетили специально подготовленные экологические площадки, увидели мини-спектакль «12 запретов юного эколога», стенд «Теплица – зелёный огород» и практическую площадку «Метеорология – мы управляем погодой». Дети с помощью экспериментов объяснили важность воды для жизни и продемонстрировали простые способы сортировки бытовых отходов.
Открытие мероприятия началось с выступления дошкольников в театре теней «Солнце и Земля», после чего состоялась презентация работы, проделанной по модели «Зелёный детский сад». Учёные  Университета Абая  представили содержание научно-практической концепции экологического образования и рассказали о возможностях внедрения глобальных  принципов « Zero Waste »  в систему дошкольного образования.

Семинар проходил в формате вопросов и ответов, а также  обмена предложениями. Совместно разработанные университетом и детским садом экспериментальные площадки предоставили возможность продемонстрировать эффективные методы экологического воспитания . Участники увидели практическую значимость ухода за растениями в теплице, наблюдения за погодой, сортировки отходов и различных акций, направленных на охрану окружающей среды.

Мероприятие завершилось признанием того, что инициатива «Зелёный детский сад» является важным шагом на пути к повышению уровня знаний детей о природе. По словам организаторов, создание зелёного и чистого Казахстана начинается с самых простых привычек в детском саду.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив