15
январь
2026
«Балаларға арналған жақсы әдеп ережесі»
Әдеп дегеніміз сыпайы және елгезек болу өнері.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеп ережесі.
Педагог-психолог: Тұрғынбек Ә.Ж.ЖАДНАМА.
-- Тамақ ішкенде, аузыңда тамақ барда сөйлеме, тамақ жегенде ерніңмен, тіліңмен сылпылдатпауға тырыс.-- Аузыңды жауып шайна.
-- Тамақпен ойнама.
-- Шынтағыңды үстелдің үстіне қойма.
-- Дәретханаға барып келгеннен кейін қолыңды тазалап жу.
-- Үлкендерді құрметте.
-- Олармен кездескенде, әрқашан сәлемдес: «Сәлеметсіз бе?» деп айт.
--Бірдеңе сұрағанда, «беріңізші» деп айт.
-- Сенімен әңгімелесіп отырған адамның сөзін бөлме.
-- Сенімен әңгімелесіп отырған адамға қарап сөйле.
-- Сөйлесіп жатқанда басқалардың сөзін бөлме.
-- Басқа адамдардың заттарын сұраусыз алма.
-- Әрқашан саған берілген нәрсені қайтаратын бол.
-- Қоқысты жерге тастамай, қоқыс шелегіне сал.
-- Біреуге саусақпен көрсету әдепсіз болады.
-- Есікті қатты жаппа.
-- Жаман сөздер айтпа.